Александр Шевченко Франциядағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Бордо (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 176-орында тұрған франциялық Кальвин Эмеридің мысын басты.
Матч 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Шевченко 6 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Эмери 5 эйспен шектелді.
Александр Шевченконың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 165-орындағы Михаил Кукушкин әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Брендон Накасимаға жол берді - 3:6, 5:7.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или