«Ролан Гарросқа» 9 қазақстандық теннисші қатысады

«Ролан Гарросқа» 9 қазақстандық теннисші қатысады


25 мамыр мен 8 маусым аралығында Парижде өтетін әлемнің беделді теннис турнирлерінің бірі – «Ролан Гарросқа» Қазақстан атынан тоғыз спортшы қатысады. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында жарияланды.

Ерлер арасынан Александр Бублик бірден негізгі сеткадан бастайды. Ал Александр Шевченко, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев пен Амир Омарханов іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Әйелдер жағынан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне тікелей жолдама алған. Айта кетейік, биылғы «Ролан Гаррос» тарихтағы ең ірі жүлде қорымен өтпек – 56,3 миллион еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или