Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасына 50 мың доллар айыппұл салды

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында допингте ұсталған спортшылардың мемлекеттеріне айыппұл салынды.

Болгариялық басылымдарының ақпараттарына сүйенсек, допингте ең көп ұсталған спортшылар Әзірбайжанның өкілдері екен (6 спортшы). Ресейде төрт спортшы допингте ұсталса, Қазақстан, Молдова мен Солтүстік Кореяда үш спортшы тыйым салынған дәрумен қолданды.

Нәтижесінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Әзірбайжан федерациясына 200 000 доллар айыппұл салса, Ресей $100 000 долларға айыпталды. Қазақстан, Молдова мен Солтүстік Корея ауыр атлетика федерациялары $50 000 доллар айыппұл төлуі тиіс. Егерде бұл ақша төленбесе, аталмыш мемлекеттер келер жылы Рио-да өтетін Олимпиада ойындарына алған барлық жолдамаларынан айырылады.

Естеріңізге сала кетсек, Хьюстондағы әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев, Ермек Өміртай мен Алмас Өтешевтің допинг қолданғаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или