Александр Шевченко Бордодағы жарысты сәтті бастады

Александр Шевченко Бордодағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 97-орын) Бордодағы (Франция) турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шевченко бірінші айналымда француз Уго Греньемен (172-орын) кездесіп, оны екі сетте жеңді – 7:6, 6:1. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Александрдың келесі қарсыласы Александр Ковачевич (АҚШ, 80-орын) - Кальвин Эмери (Франция, 176-орын) кездесуінің жеңімпазы болмақ.

Айта кетейік, Александр Шевченко ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы. Бордодағы турнирдің жүлде қоры 227 270 еуроны құрайды. Жеңімпаз 34 900 еуро жинап, 175 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или