Евгений Градович: «Головкин мен Альварес жұдырықтасса, Геннадий жеңеді»

IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Евгений Градович қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жұдырықтасса, кімнің жеңіске жететінін болжады.

«Бұл жекпе-жекте фаворитті айтуға қиналып отырмын. Әрине, Головкинге қолдау көрсететінім сөзсіз. Егер кездесу өтіп жатса, Головкин Канелодан басым түседі деп ойлаймын.

Головкиннің салмағында ерекше бәсекелестік жоқ, Геннадий – нағыз доминант», - деді ресейлік боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или