Серхио Мартинес: «Головкин – Альварес жекпе-жегі өтпейді»

Орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек ешқашан өтпейтінін мәлімдеді.

«Менің ойымша, «Канело» мен Головкин арасындағы жекпе-жек ешқашан болмайды. Болмаса қазақстандық боксшы қандай да бір әлсіздік кезеңіне жеткенде ұйымдастырылуы мүмкін. «Канело» - мықты боксшы, алайда Головкин бұл салмақтағы талассыз бірден-бір үздік. Сондықтан да бұл жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын», - деді аргентиналық боксшы.

Айта кетейік, WBC қос боксшының кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір-бір жекпе-жек өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеулері тиіс. Алдын ала болжанғандай, Головкин мен Альварес арасындағы шаршы алаңдағы шайқас 2016 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или