94 келі. Допинг

94 келі. Допинг

Қазақстандық спортсүйер қауымды ауыр атлеттеріміз Алмас Өтешев пен Жасұлан Қыдырбаевтың допингте ұсталғаны туралы ақпарат таң қалдырды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы америкалық WADA допинг тексеру орталығының жариялаған нәтижелеріне сүйеніп, үш бірдей қазақстандық спортшы Алмас Өтешев, Жасұлан Қыдырбаев пен Ермек Өміртайды спорттан алыстатты. Олар Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысқан болатын. Тіпті Алмас пен Жасұлан күміс және қола медаль иеленген. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы үздік үштікке кіріп, келер жылы РИО-да өтетін Олимпиада ойындарына толық 10(6+4) лицензияға ие болған. Ендігі даудан кейін, осы он жолдамадан айырылуымыз әбден мүмкін. Бұған қоса, Олимпиадада ауыр атлетикадан тұңғыш Қазақ Олимпиада чемпионы атануы мүмкін деген екі жігітімізді де көре алмайтын болдық. Бұл өте өкінішті жайт. Әлі де «В» пробасынан олардың допинг қолданбағанын анықтауға болады, бірақ мұндай жағдай үлкен спортта өте сирек кездеседі. «А» пробасынан табылған допинг 95 пайызға тыйым салынған дәруменнің қолданғаны. Тағы бір өте алаңдататын жайт, Жасұлан Қыдырбаевтың алдағы тағдыры – естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын Қызылорда тумасы Мьянма еліндегі Азия біріншілігінде допингтен ұсталып, біраз мерзімге спорттан шеттетілген болатын. Тиым салынған заттарды қолданғаны ресми түрде расталса, оны тіпті өмірбақи үлкен спорттан алыстатуы ғажап емес. Алмас Өтешев ары кетсе екі жылға үлкен спортпен қош айтысуы мүмкін. Допинг туралы жаңалық қазақстандықтар үшін күтпеген жайт болды, бұл сонда қалай болғаны?

Александр Зайчиков пен Арли Чонтей сияқты құраманың өзге мүшелері таза болғанда қалай ғана қаракөздер шалынды? Олардың бапкері де, жаттығып, тамақтанатын орыны да бір. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы соңғы жылдары керемет нәтиже көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасын көре алмады ма?

Көп жылдар бойы 94 келі салмақ дәрежесінде ешкімге мүмкіндік бермей жүрген ел мақтанышы Илья Ильин жоғарылап, өз орнын Алмас Өтешев пен Жасұлан Қыдырбаевқа босатып берген. Екеуі құлшынып, жарыстарда топ жарып жүрген. Тек қан Хьюстондағы әлем біріншілігінде қазылардың қателігінен Алмас Өтешев «алтыннан» қағылды. Енді көп ұзамай, олардың допинг қолданғаны туралы ақпарат шықты. Бірден Қазақстан ауыр атлетика федерациясы ресми жауабын жариялады: “ауыр атлетттеріміздің допинг дауын тексеру үшін арнайы комиссиясы құрылды. Оның қорытындысы бойынша аппелиция беру және «Б» пробасының нәтижесін жариялауды сұраймыз” деп жазды.

Соған қарамастан, бұл дау ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының атына кір келтіргені анық. Негізі бұның алдында да қазақстандық спортшылар допингтен ұсталған болатын. Ал жақында ғана WADA жариялаған тізімде Өтешев пен Қыдырбаевтан өзге 105 келіден астам салмақ дәрежесінде жаңа әлем рекордын орнатқан ресейлік ауыр атлет Алексей Ловчев те ұсталды. Жалпы, соңғы әлем біріншілігінде допинг қолданған спортшылар қатарында он бір спортшы жүр. Оның үшеуі – біздікі. Амал қанша, енді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми шешімін күтеміз.

Олимпиадаға кім барады?

Жалпы, 94-келі салмақ дәрежесінде бізде Өтешев пен Қыдырбаевтан басқа Владимир Седов деген жігіт бар. Бірақ, Седов осыдан жарты жыл бұрын үлкен спортпен қош айтысқанын мәлімдеген болатын. Америкалық кинодағыдай Владимир үлкен спортқа оралып, келер жылы өтетін РИО Олимпиадасында Чемпион атанса екен. Бұл Седовтың арманы, өзі де бұл туралы көптеген сұхбаттарында айтқан болатын. Себебі, Седов 94-келі салмақтағы көшбасшы зілтеміршілердің қатарында болған. Бірақ Өтешев пен Қыдырбаевтың бәсекелестігіне шыдай алмаған ол үлкен спорттан кетуді жөн санады. Әлі де кеш емес, Седов үлкен спортқа оралып, өзінің мықтылығын дәлелдеу қажет. Ұлттық құрамамыздың бапкерлері  осы мәселені шешеді деген ойдамыз. Әрине, біз үшін «В» пробасының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыларымыздың допинг қолданбауы жайлы ақпараттың расталғаны керек. Бәрі алдағы уақытта нақты белгілі болады.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или