Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері үздік шетелдік клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері үздік шетелдік клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

«Локомотив» клубының бас бапкері Михаил Галактионов жақын арада қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Иван Карповтың мәліметінше, егер клуб Ресей кубогы өңірлік жолының екінші кезеңінде «Ростовтан» жеңіліп, турнирден ұшып кетсе, бұл жағдай орын алуы ықтимал.

Галактионовты алмастыратын негізгі үміткерлер ретінде Станислав Черчесов, Владимир Федотов және Дмитрий Хохлов аталып отыр.

«Локомотив» өз алаңында «Ростовты» сәрсенбі, 30 сәуір күні қабылдайды.

РПЛ-дегі 26 турдан кейін «Локомотив» 45 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орында тұр.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінен кеткені ресми түрде расталған болатын. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасының B дивизионында сақталып қала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или