Танымал басылым қазақстандық теннисшінің ойынын ерекше атап өтті

Танымал басылым қазақстандық теннисшінің ойынын ерекше атап өтті


Tennis Bakery X-аккаунты Мадридте өтіп жатқан турнирде қазақстандық теннисші Александр Бубликтің (ATP рейтингінде 75-орын) Ресей өкілі Андрей Рублевке (8-орын) қарсы матчтағы жетістігін ерекше атап өтті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы «баранкадан» кейін сенсациялық жеңіске жетті.

«Александр Бублик карьерасында екінші рет матчта бір сетте 0:6 есебімен ұтылып, ақыры жеңіске жетті (қазіргі рекорды – 2 жеңіс, 11 жеңіліс). Ол Рублевті 6:4, 0:6, 6:4 есебімен жеңді», – деп жазды Tennis Bakery.

Айта кетейік, бұған дейін Бублик Мадридтегі турнирде америкалық Алекс Микелсенді (38-орын) және аустралиялық Алексей Попыринді (26-орын) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или