Александр Бублик тұңғыш рет «Мастерс» турнирінде ТОП-10 ойыншысын жеңді

Александр Бублик тұңғыш рет «Мастерс» турнирінде ТОП-10 ойыншысын жеңді


Әлемнің 75-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик «Мастерс» сериясындағы турнирде алғаш рет ТОП-10 ойыншысын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридте (Испания) өтіп жатқан жарыстың үшінші айналымында Бублик әлемнің 8-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублёвты 6:4, 0:6, 6:4 есебімен ұтты.

Бұған дейін Бублик ТОП-10 теннисшілерімен болған жеті матчтың бәрінде жеңілген еді. Айта кетейік, Рублёв Мадрид турнирінің қазіргі чемпионы болатын.

Төртінші айналымда Александр Бублик америкалық Бен Шелтон мен чехиялық Якуб Меншик арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или