Серік Сәпиев Қазақстанның Сурдлимпиада комитетінің президенті атанды

Серік Сәпиев Қазақстанның Сурдлимпиада комитетінің президенті атанды


2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

«Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді.Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар Алға!», — деп жазды Сәпиев.

Айта кетейік, Серік Сәпиев қазіргі таңда Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы қызметін де атқарып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или