Қазақстандық теннисшілер Шымкенттегі турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисшілер Шымкенттегі турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Сәтима Төреген жұптық сында Шымкент ITF W15 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Іңкәр 18-де, Сәтима 16-да болғанына қарамастан, жас теннисшілер жарыс барысында үш кездесуді де сәтті өткізді.

І.Дүйсебай – С.Төреген жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова мен ресейлік Элина Неплиймен сынға түсті.

Матчтың фавориттері қазақстандық-ресейлік дуэт саналғанымен, Іңкәр мен Сәтима камбэк жасап, супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 2:6, 6:3, 11:9. Бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды.

Іңкәр Дүйсебай – Сәтима Төрегеннің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық жұп, 17 жастағы Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай жартылай финалда германиялық Адриан Отцбах – бельгиялық Мартин Ван дер Мершенге жол берді – 2:6, 4:6. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или