Әмір Омарханов Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

Әмір Омарханов Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов Шымкент ITF M15 турнирінде екі қарсыласын қапы қалдырды.

ATP рейтингісінде 988-орында тұрған жас талант алдымен әлемнің 680-ракеткасы, 27 жастағы германиялық Адриан Отцбахты жарыс жолынан тайдырды – 6:4, 7:6 (7:5). Тартысты бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.

Әмір екінші айналымда рейтингіде 903-орында тұрған ресейлік 20 жастағы Савелий Ивановтан да қаймықпады. Екі сағат 3 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Омарханов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 884-орындағы Польша өкілі Жаза Сайричпен таласады. 

Отандасымыз қазіргі сәтте ATP Live рейтингісінде бірден 951-орынға көтеріліп тұр. 


Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или