Қазақстандық клубтар УЕФА-дан миллиардтаған теңге алды. Ең көбі кімде?

Қазақстандық клубтар УЕФА-дан миллиардтаған теңге алды. Ең көбі кімде?

Қазақстандық футбол клубтары ұлттық құрамалар матчтарына өз ойыншыларын қатыстырғаны үшін УЕФА-дан 2,3 миллион еуродан аса қаражат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл төлемдер УЕФА-ның 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өтемақы бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Аталған бастама аясында барлығы 55 елдің 901 клубы арасында рекордтық 233 миллион еуро бөлінген. Өтемақылар Ұлттар лигасының, Еуро-2024 іріктеу матчтарының және финалдық турнирдің ойындарын қамтыды.

Қазақстандық клубтар арасында ең көп қаражатты елорда командасы алды — 673 256 еуро. Ал үздік ондыққа Қостанай, Шымкент, Алматы және басқа қалалардан клубтар енді.

«Астана» – 673 256 еуро;
«Тобыл» – 347 605 еуро;
«Ордабасы» – 270 766 еуро;
«Қайрат» – 263 448 еуро;
«Шахтер» – 168 314 еуро;
«Ақтөбе» – 208 563 еуро;
«Тараз» – 95 134 еуро;
«Қайсар» – 84 157 еуро;
«Жетісу» – 58 544 еуро;
«Ақсу» – 36 590 еуро;
«Қызылжар» – 29 272 еуро;
«Каспий» – 29 272 еуро;
«Мақтаарал» – 21 954 еуро;
«Тұран» – 14 636 еуро;
«Атырау» – 7 318 еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или