Мадридте өтетін WTA 1000 турниріндегі қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Испания астанасы Мадридте 22 сәуір — 3 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 турнирінде Қазақстаннан Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Рейтингідегі орындарына байланысты қазақстандық теннисшілер жарысты екінші айналымнан бастайды.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 43-ракеткасы, америкалық Маккартни Кесслер немесе рейтингіде 130-орындағы канадалық Бьянка Андреескудің қай жеңгенімен кездеседі.
Юлия Путинцева екінші айналымда аустралиялық Айла Томлянович немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.
Өткен жылы Е.Рыбакина ширек финалда Ю.Путинцевадан басым түскен еді. Бірақ Е.Рыбакина жартылай финалда беларуссиялық Арина Соболенкоға жол берді. Соңғы бәсекеде Польша өкілі Ига Швентек А.Соболенконы ұтып, чемпион атанды.