Өтешов пен Қыдырбаев қандай дәрумен қолданды

Қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев пен Ермек Өміртай Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) шешімімен уақытша спорттан шеттетілді.

Бұның себебін, біздің спортшылар рұқсат етілмеген препараттарды қолдануы. Хьюстонда өткен Әлем чемпионатының алдында спортшыларымыз допинг тексерісінен өткен еді. Міне, алғашқы нәтижесі осындай.

Vesti.kz сайты мәлімдегендей, ауыр атлеттеріміз «Dehydrochlormethyltestosterone» деп аталатын дәрі пайдаланған. «Dehydrochlormethyltestosterone» (дегидрохлорметилтестостерон) – әлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тыйым салған анаболитикалық агенті (дәрумен). Бұл дәрі күш беріп қана қоймай, бұлшық еттің өсуіне де әсер етеді. Дегидрохлорметилтестостерон дәрісін әсіресе, салмақ қуалайтын спорт түрлерінде көп қолданады деседі.

Қазақстандық спортшылар бұған дейін де допинг дауына іліккен болатын. Жасұлан Қыдырбаев осымен екінші мәрте допинг қабылады деп күдіктелінуде. Егер екінші жолғы тексерістен оң нәтиже көрсетпесе, «чемпионымыз» өмір бойы спорттан аластатылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или