Қазақстан ұлттық спортты дамытуға 6 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген

Қазақстан ұлттық спортты дамытуға 6 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген


Туризм министрлігі 2024 жылы ұлттық спорт түрлерін дамытуға жергілікті бюджеттен 4,8 миллиард теңге, республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, елімізде ұлттық спорттың 11 түрі ресми тіркелген.

Статистикаға сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай Қазақстанда 700 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады. Оларда 1700 жаттықтырушы жұмыс істейді. Оның мыңы ауылдық жерлерде. Елімізде 17 мамандандырылған спорт клубы, 15 спорт мектебі және бір республикалық дирекция жұмыс істейді.

“Ұлттық спорт түрлерін республикалық деңгейде дамыту мақсатында Қазақстанның Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастыққа ұлттық спорт түрлерінен 10 федерация кіреді”, – деді Серік Жарасбаев.

Дереккөз: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или