Батыр Жүкембаев WBC рейтингінде жоғарылады

Батыр Жүкембаев WBC рейтингінде жоғарылады

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО) Астанадағы жеңісінен кейін WBC рейтингіндегі орны көтерілді, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, 5 сәуірде Жүкембаев британиялық Кейн Гарднерді (17-5, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұл нәтиже Батырға рейтингтегі позициясын 33-орыннан 28-орынға көтеруге мүмкіндік берді.

Бірінші жартылай орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы доминикандық Альберто Пуэллоға (24-0, 10 КО) тиесілі. Рейтингте бірінші орында британиялық Далтон Смит (17-0, 13 КО), одан кейін испаниялық Сандор Мартин (42-4, 15 КО) және Мексика боксшысы кіші Исаак Крус (27-3-1, 18 КО) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или