Рыбакина келесі аптада WTA рейтингінің үздік ондығынан шығып қалады

Рыбакина келесі аптада WTA рейтингінің үздік ондығынан шығып қалады

Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-500 турнирі аяқталғаннан кейін топ-10 қатарынан шығып қалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтыр осы турнирде жеңіске жеткен Рыбакина 2024 жылы негізгі кезеңінде өнер көрсетпейді, сондықтан 500 рейтингтік ұпайынан айырылады, ал рейтингте 11-орында тұрған америкалық Эмма Наварро оны басып озады.

Осылайша, Елена 2023 жылдың 6 ақпанынан бері алғаш рет үздік ондыққа енбей қалады. Қазақстандық теннисші карьерасында әлемдік рейтингте үшінші орынға дейін көтерілген болатын.

Өткен аптада теннисші Қазақстан құрамасына Билли Джин Кинг кубогының 2025 жылғы финалдық кезеңіне жолдама алуға көмектесті, алайда осыған байланысты Германиядағы турнирге қатысудан бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или