Теннис: Елена Рыбакинаның әлем рейтингіндегі орны белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Штутгарттағы (Германия) турнирдің негізгі кезеңі басталар алдында әлемдік рейтингтің ағымдағы нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі белорус Арина Соболенко болып қала берді, екінші орында польшалық Ига Швёнтек, үшінші орында америкалық Джессика Пегула.
Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина әзірге оныншы орында. Айта кетейік, Рыбакина Штутгарттың қазіргі чемпионы, бірақ биылғы турнирге қатыспайды. Бұл жарыс аяқталғаннан кейін Елена рейтингтік ұпайларынан айырылып, үздік 10-дықтың қатарынан шығып қалады деген сөз.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 23-орында.
Жұптық рейтингте чех спортшысы Катерина Синякова көш бастап тұр, одан кейін АҚШ-тан Тейлор Таунсенд пен жаңа зеландиялық Эрин Рутлиф келеді.
Жұптық сайыста Қазақстан өкілдері позицияларын өзгерткен жоқ: Анна Данилина – 18, Путинцева – 75, Жібек Құламбаева – 162.