Әлем чемпионы алты жылға спорттан шеттетілді

Әлем чемпионы алты жылға спорттан шеттетілді

Ресей құрамасы сапында күрестен 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Хетаг Цаболов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 6 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

33 жастағы спортшы «Фальсификация» (допинг-сынамаға келмеу, жалтару, бас тарту) бабы бойынша жарыстан шеттетілді.

Спортшының алты жылдық дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 28 маусымында басталады.

Цаболов Ресейдің екі дүркін чемпионы және 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2021 жылы ол Сербия туы астында жарысқа шығып, кейін әлем және Еуропа чемпионаттарында қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или