Александр Шевченко Мюнхен турнирінде іріктеу финалына өтті

Александр Шевченко Мюнхен турнирінде іріктеу финалына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 102-орын) Мюнхендегі (Германия) турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Шевченко австралиялық Ринки Хиджикатамен (85-орын) кездесіп, қарсыласын үш сетте – 6:4, 1:6, 6:3 есебімен ұтты. Матч 2 сағат 2 минутқа созылды. Басты кезеңге жолдама алу үшін Александр хорват теннисшісі Борна Гохомен (410-орын) шеберлік сынасады.

Мюнхендегі турнирдің жүлде қоры 2 500 000 еуроны құрайды. Жеңімпаз 467 485 еуро жинап, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или