Денис Тен жапондық жанкүйерімен кездесті

Денис Тен жапондық жанкүйерімен кездесті

Жапондық жанкүйер қыздың Денис Тенмен кездесу арманы Рождество қарсаңында орындалды.

18 жастағы Мисаки Эбина қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының назарын өзінің ерекше туындысымен аударды. Ол Денистің кескінін декоративті панноға тігіп шыққан. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Мисаки былтыр Сочи Олимпиадасы кезінде теледидардан көрген. Спортшының өнеріне тәнті болған бойжеткен Денистің қатысумен Жапонияда өтетін бір де бір жарысты, бағдарламаны қалт жібермейді. Бүгін де Christmas on Ice рождестволық шоуынан да шет қалған жоқ. Мерекелік бағдарламаға билеттердің барлығы сатылып кетті дегенімен Мисаки үмітін үзбей, 9 сағат кезекте тұрып, ақыры билетке қол жеткізді.

Мисаки Эбина, Денис Теннің жанкүйері:

- Осы қойылымды көремін деп түнімен ұйықтамадым. Билетті тапқаныма қуаныштымын.

Мисаки үшін нағыз рождестволық сыйлық өз сүйікті спортшысымен кездесу болды. Оның Денис Тенге арнап жасаған туындысын сыйлау арманы да орындалды.

Денис Тен, мәнерлеп сырғанаушы:

- Маған үнемі түрлі сыйлықтар сыйлап жатады. Көбіне осындай қолдан жасалған бұйымдар. Алайда осындай форматта, осындай көлемде бірінші рет. Мұны әжеме сыйлаймын. Мені қатты жақсы көргендіктен. Алыста жүрсем қатты уайымдайды. Ал сыйлық қоңырау шалу немесе хабарлама жазу сияқты емес. Бұл мені әрдайым көріп отыруға мүмкіндік береді.

Мисаки Эбина – ерекше таланты бар жан. Қолданбалы өнер кафедрасының оқушысы үш ай бұрын панноны тігуге кіріскен. Декоративті туындыны мектеп жәрмеңкесінде көрсетуі керек еді. Қолына ине-жіп ұстап 700 сағат еңбектенгеннің нәтижесінде ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының кескінін жасап шықты. Көлемі 160-та 80 сантиметрлік жібек панно толығымен қолдан тігілген. Ортасында Денис Теннің сұлбасы, ал шетінде ұлттық нақыштағы ою-өрнек. Тіпті Қазақстан туының элеметтері күн мен қыран құс та бейнеленген.

Мисаки Эбина, Денис Теннің жанкүйері:

- Мен Дениспен кездескеніме әлі де сене алар емеспін. Түсім сияқты. Кестелеп тоқумен бұдан былай да айналыса беремін. Менің келесі туындым Денис Теннің кескіні бар «қазақ кестесі» болады. Мұнда Денис Теннің жанкүйерлері өте көп. Жапон премьер-министрі Синдзо Абэ қазақстандық спортшыны екі ел достығының символы деп атады.

Денис Тен, Мәнерлеп сырғанаушы:

- Жапонияны маған деген қарым-қатынасы үшін аса құрметтеймін. Өз кезегімде осы сенім мен үмітті ақтауға тырысамын. Қазақстан мен Жапонияның арасында көпір іспетті жобалар жасаймыз. Мәселен, мұздағы шоу. Бұл бағдарламаға жыл сайын жапондық фанаттар өте көп келеді. Келушілер де, жанкүйерлер де көп. Осыдан бірер күн бұрын жапондық саяхат агенттігімен кездестім. Бұл салада шынымен қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, шетелдік әріптестермен байланыс орнату керек. Мұздағы шоу – олимпиада жеңімпазының осы кезеңдегі соңғы қойылымы. Алда жарыстарға дайындықтар мен жеңіс белестері күтіп тұр. Сонымен қатар «Денис Тен және оның достары» мұздағы шоуы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или