Елена Рыбакина Аустралиядағы кезекті жеңісінен кейін пікір білдірді

Елена Рыбакина Аустралиядағы кезекті жеңісінен кейін пікір білдірді

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде жақсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

10 сәуір күні ол алаң иесі Кимберли Бирреллмен кездесіп, 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, камбэк жасады. Ал келесі күні, 11 сәуірде, колумбиялық Валентина Медиорреаль Ариасты 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Дегенмен, бұл жеңістер оның денсаулығына байланысты мазасыз жаңалықтармен көлеңкеленді. Австралиямен болған матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистер Еленаның беті мен мойынында қызару мен бөртпелерді байқады. Спортшының айтуынша, бұл – бұрыннан мазалап жүрген аллергиялық реакцияның салдары. Ол мұндай жағдайлардың жиі ұшып-қону мен климаттың өзгеруі кезінде күшейетінін айтты.

Денсаулығындағы қиындықтарға қарамастан, Елена халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғап, жоғары деңгейдегі ойын мен жанкештілікті көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или