Головкин – Альварес жекпе-жегі 90 мың орындық аренада өтеді

Головкин – Альварес жекпе-жегі 90 мың орындық аренада өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек Далластағы 90 мың адамға шақталған аренада өтуі мүмкін. Бұл туралы Головкин командасының өкілі мәлім етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBC ұйымы боксшылар өзара кездескенге дейін чемпиондық белбеулерін ерікті түрде қорғауға мүмкіндік берген болатын. Сонан соң мамырдың соңына таман қос команданың промоутері Головкин – Альварес жекпе-жегінің нақты қай күні өтетінін мәлімдейді.

Отандасымыз TMZ басылымына берген сұхбатында «Канелоға» қарсы жекпе-жек өтетін күнді асыға күтіп жүрмін» деген болатын. Қазір екі команда өкілдері өзара кездесу өткізу туралы келісімге келе алды.

«Жекпе-жек 2016 жылдың екінші жартысында өтуі тиіс. Бұл кездесу келер жылдың басты оқиғасы болмақ. Сондықтан АҚШ-тағы ең үлкен ареналардың бірін таңдап отырмыз», - дейді Головкин командасының өкілі.

Қазір кездесуді өткізетін орын ретінде Далластағы 90 мың адамға шақталған арена мен Нью-Йорктегі Madisson Square Garden арена таңдалмақ. Екі команданың өкілдері де Далластағы алып аренаға тоқталып отыр.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или