Қанат Ислам: «Келесі кездесуімді Қазақстанда өткізгім келеді»

Қазақстандық Қанат Ислам кәсіби бокстағы 21-ші жекпе-жегін өткізуге дайындалуда. Қанат келесі кездесуін қаңтар айының 15-20-ы аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

«Уақытты бос өткізбеймін, келер айда жоспарлар бар. Оны менің Америкадағы командам, промоутерларым, жаттықтырушыларым қазір сол жұмыстармен сөйлесіп жатыр», - деді WBA FedeCaribe чемпионы.

Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша «алтын белдікті» иеленген Қанат бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты.

«Ендігі қарсыласты Колумбиядан WBA мамандары ұсынып жатыр», - дейді Қанат Ислам. Себебі Ислам қазір осы тұжырым бойынша үздік бестіктің қатарында тұр.

Биыл атақты промоутер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған жерлесіміз: «Жекпе-жекті Қазақстанда өткізсек. Мүмкін болса осы Алматы, Астанада 21-ші кездесуімді өткізуге ұсыныстар бар», - дейді қазақстандық боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или