Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12КО) Астанадағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылады, деп хабарлайды, Prosports.kz.
Boxrec рейтингінде қазақстандық боксшы әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лараны артта қалдырып, бірінші орынға шықты. Англиялық боксшы кіші Крис Юбанк (34-3, 25КО) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Сонымен қатар, Әлімханұлы P4P рейтингінде 17-орында (салмақ санатына қарамастан) тұр. Бұл тізім көшін украиналық Александр Усик бастап тұр.
Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссингені (14-1, 9 КО) 5-раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белдіктерін сәтті қорғады. Франциялық боксшы осы жеңілістен кейін рейтингіде үш сатыға төмендеп, қазіргі уақытта 12-ші орында тұр.