World Boxing: Қазақстандық екі боксшы жекпе-жексіз жүлдеге ілікті
Бүгін түнде Бразилияда бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл – World Boxing ұйымы ұйымдастырып жатқан ересектер арасындағы алғашқы турнир.
Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысуда. Жеребе қорытындысы бойынша екі қазақстандық боксшы жарысты бірден жартылай финалдан бастайды.
Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) пен Дәулет Төлемісов (85 кг) 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні финал жолдамасын сарапқа салады.
Ұлжан Сәрсенбек поляк Шеремета мен бразилиялық Мендоза арасында жеңгенімен кездеседі.
Дәулет Төлемісов француз Абдалайе Траоре мен үндістандық Джунгно жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасады.
Осылайша Ұлжан мен Дәулет бірде-бәр жекпе-жек өткізбей, Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жүлдегерлер атанды