Головкиннің бұрынғы қарсыласы Лемье шаршы алаңға наурызда оралады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы канадалық Давид Лемье шаршы алаңға келер жылдың наурыз айында оралады.

Бұл туралы оның менеджері Камиль Эстефан мәлімдеді:

«Қазіргі таңда, кездесудің нақты наурыздың қай күні өтетінін анықтаудамыз. НВО арнасына қызық қарсыластарды іздестіріп жатырмыз. Жекпе-жек Монреаль не болмаса АҚШ-тың бір қаласында өтеді».

Естеріңізге сала кетсек, Лемье соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкиннен сегізінші раундта техникалық нокаутпен ұтылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или