Әлихан Байменов ЮНЕСКО хатшылығына тоғызқұмалақ ойынының тақтасын табыстады

ЮНЕСКО-ның Париждегі бас пәтерінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенция хатшылығының басшысы Фумико Охинатаның кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Федерацияның президенті ЮНЕСКО Хатшылығына 2020 жылы «Тоғызқұмалақ» ойынының Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында Ә. Байменов Хатшылыққа тоғызқұмалақ ойынын сыйға тартып, сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде стратосфераға жіберілген тұздықты табыс етті.
Федерация президенті ЮНЕСКО қызметкерлерін ойын ережесімен таныстырып, олармен бірге бір партия ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или