«Бізден сізге кім керек?». «Triple G»-ге қарсылас табыла ма

«Бізден сізге кім керек?». «Triple G»-ге қарсылас табыла ма

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі қарсыласын іздеуде қиналып жүр.

Бұл тұрғыда «PROСПОРТ» тілшісі «Triple G»-дің келесі қарсыласы болуы мүмкін үш боксшымен сіздерді таныстырып көрмек.

Жалпы, Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы мексикалық Сауль Альварес болуы тиіс еді. Аталмыш кездесу келер жылдың мамыр айында өтеді деп жоспарланған. Бірақ, Альварес пен Головкиннің командасы WBC тұжырымы бекіткен шешіміне сәйкес, бір-бірімен келер жылдың қыркүйек айында кездесетін болды. Егер қос тарап келіспесе, WBC титулы Головкиннің еншісінде қалады. Осылайша, Альварес пен Головкин бір-бірімен кездесер алдында, тағы бір жекпе-жектен өткізеді.

Ел мақтанышы Геннадий Головкиннің мүмкін болар үш қарсыласы:

1 – үміткер. Туреано Джонсон

Жасы: 33

Жекпе-жектер көрсеткіші: (19-1, 5КО)

Туған елі: Багама аралдары

Багамалық боксшы Туреано Джонсон IBF тұжырымы бойынша Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы болып есептеледі. 33-жастағы боксшы үшін Гена сияқты үлкен жұлдызбен кездесу өмірде бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Бұған қоса, багамалық боксшы бұл кездесуден үлкен табыс табуы мүмкін. Себебі, Головкиннің соңғы қарсыласы Давид Лемье Генадиймен жұдырықтасқаны үшін екі миллион доллар алды. Джонсон Лемье сияқты боксшы болмаса да, кем дегенде 800 мың доллар алатыны анық. Туреано өзінің соңғы жекпе-жегін Головкин-Лемье бокс кешінде өткізіп, ирландиялық былғары қолғап шебері Эймен О`Кейінді ұпай шешімімен жеңген болатын. Қазірдің өзінде, Туреано Джонсон Головкинмен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін айтып жүр. Головкин үшін бұл жекпе-жек қажет деп айту қиын, себебі Джонсонның чемпиондық белбеуі жоқ әрі онша танымал емес. Сондай-ақ, Головкиннің бұрынғы қарсыласы Кертис Стивенстен нокаутпен ұтылған. Бірақ, оның IBF тұжырымы бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы болған соң, Геннадийдің келесі кездесуі Туреаноға қарсы өтетініне күмән жоқ. Жекпе-жек келер жылдың наурыз айында өтуі әбден мүмкін.

2 – үміткер. Билли Джо Сондерс

Жасы: 26

Жекпе-жектер көрсеткіші: (23-0, 18КО)

Туған елі: Ұлыбритания

Геннадий Головкинмен кездесуді аңсап жүрген ирландиялық Энди Ли британиялық Билли Джо Сондерстен ұтылып қалды. Осылайша, Энди Ли өзінің WBO чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Демек, ендігі Головкиннің мақсаты – осы Билли Джо Сондерсті «құлату». Британиялық жас боксшы, өз кездесулерін Ұлыбританияда өткізген. Жиырма үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Билли бұған дейін еш жеңілмеген кіші Крис Юбенкті алғаш жеңген боксшы атанған. Енді міне Сондерс ирландиялық Энди Лиді екі рет нокдаунға түсіріп, нәтижесінде WBO тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанды. «6 миллион доллар берсе Головкинмен жұдырықтасамын» деп айтты ол. Яғни, Головкиннің промоутері Том Леффлер үшін Сондерске қарсы жекпе-жекті ұйымдастыру өте ауырға түседі. Бұған қоса, Сондерстің командасы Головкинмен кездесуге асықпайтынын мәлімдеген. Соның бәрін ескерсек, Головкин-Сондерс жекпе-жегі жақын уақытта өтпейтінін аңғаруға болады. Не десек те, аталмыш кездесу «Уэмбли» стадионын лық толтырар еді.

3 – үміткер. Дэниел Джейкобс

Жасы: 28

Жекпе-жектер көрсеткіші: (32-1, 28КО)

Туған елі: АҚШ

Қазіргі таңда, орта салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшылардың бірі – осы Дэниел Джейкобс. Өзінің соңғы кездесуінде Дэниел отандасы Питер Куиллинді бірінші раундта нокаутқа құлатты. Бұл Куиллиннің кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі болды. Геннадий Головкинге Альварестен кейінгі мықты қарсылас осы Дэниел Джейкобс. Себебі, Джейкобс WBA тұжырымы бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы. Жалпы, 28-жастағы боксшының чемпиондыққа жолы өте ауыр болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Джейкобс қатерлік ісік ауруынан емделген болатын. Бұған қоса, ресейлік Дмитрий Пирогтан жеңілген Дэниел өзінің жеңісті жолына қайта шығу үшін біраз тер төкті. Бірнеше мықты қарсыластарды жеңген ол енді Головкинмен кездесуге мүдделі. Бірақ бұл жекпе-жекті ұйымдастырудағы кедергі - Джейкобстың промоутері Эл Хэймон. Соңғысы НВО арнасының боксшыларымен еш жұмыс істемейді. Ал Головкин НВО арнасының ең жұлдызды боксшыларының бірі екені бәріне белгілі. Сондықтан, Головкин үшін ең қолайлы қарсылас Джейкобстің өзі белгілі себептерге байланысты Генамен жұдырықтасуы екіталай.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или