Лихтенштейн бас бапкері Қазақстанға қарсы матч туралы пікір білдірді

Лихтенштейн бас бапкері Қазақстанға қарсы матч туралы пікір білдірді

Лихтенштейн құрамасының бас бапкері Қазақстанға қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бізде Швейцарияның екінші дивизионында ойнайтын төрт кәсіпқой футболшы бар. Екеуі ылғи негізгі құрамда шығады, екеуі қосалқы құрамда отырады. Ал қалғандары бар жан-тәнімен футболға берілген әуесқой ойыншылар. Бірақ олардың басқа жұмысы бар және футболдан табыс таппайды.

Біз 114 шақырым жүгірдік, Ал Қазақстан – 107 км. Яғни әуесқой ойыншылар кәсіпқойлардан құралған Қазақстанға қарағанда жеті шақырымға көп жүгірді. Сондықтан өкініш бар. Сонша еңбектенесің, бірақ түбінде дымсыз қаласың. 

Бізден де таланттар шығып, кәсіпқой футболшыларымыздың көбейгенін қалаймыз. Алайда халқымыздың саны 40 мың екенін ескерген жөн», – деді Конрад Фюнфштюк.

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің 2-турында Қазақстан Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или