ЕУРО 2024/25 іріктеу кезеңі: Қазақстан U-17 құрамасы өз тобын бірінші орында аяқтады

ЕУРО 2024/25 іріктеу кезеңі: Қазақстан U-17 құрамасы өз тобын бірінші орында аяқтады

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуро-2025 іріктеуінің екінші кезеңінде өз тобында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 наурызда Грузияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді, бүгін Литва қақпасына 5 гол соқты – 5:2.  

Исмаил Бекболат хет-трик авторы атанды, ал Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар бір-бір голдан соқты. Үшеуі де өткен маусымда «Қайраттың» жастар командасында Freedom QJ League турнирінде ойнаған. Ал Бекболат жаңа маусымды «Қайраттың» негізгі құрамында бастап отыр.  

Грузиямен болған матчта Дәулет Орынбасар дубль жасаса, үшінші голды Бекболат салды. Осылайша, Қазақстан өз тобында бірінші орын алып, келесі Еуропа чемпионатының (Еуро-2026/27) іріктеуінде А лигасында ойнайды.

УЕФА жасөспірімдер Еуросының іріктеу форматын өзгертті. Енді екі Лига – А және В болады, турнир жыл бойы өтеді. Командалар Лига бойынша көтеріліп немесе төмендеп отырады.

Лига А-да биыл 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына (енді бұл турнир жыл сайын өтеді) 11 жолдама сарапқа салынады. Жаңа формат Ұлттар лигасынан да күрделі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или