Максим Самородов: Қарсылас қателікті кешірмеді

Максим Самородов: Қарсылас қателікті кешірмеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ахматтың» шабуылшысы Максим Самородов Уэльс құрамасына қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Қонақта ұпай алғымыз келген, бірақ нәтиже болмады. Болмайтын қателіктер жібердік. Қарсылас кешірмеді. Десе де, Уэльс оңай команда емес. Жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамын. Біз қай жерде болсақ та, олар бізді әрқашан қолдайды. Командаға да үлкен рахмет", - деді Максим Самородов.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің бірінші айналымында Уэльстен жеңілген болатын. J тобындағы ойын Кардиффте өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или