16 жастағы футболшы Қазақстан футболының тарихына атын жазды

16 жастағы футболшы Қазақстан футболының тарихына атын жазды

Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасы тарихында бірегей нәтижеге қол жеткізді.

Дастан Сәтпаев футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльспен өткен матчта 74-минутта алаңға шықты.

Ол 16 жас 7 айға толған мерзімде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізіп, рекорд орнатты.

Бұдан бұрын үздік көрсеткіш Жамбыл Көкеевке (17 жас 4 ай) тиесілі еді. 

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или