Әли Әлиев: Келесі матчта міндетті түрде ұпай алуымыз керек
Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы алдағы матчтан үмітімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Алдағы ойынға нақты жоспарымыз бар. Бірден екі матчқа дайындалдық. Ауыстыру, ротация болады, себебі жігіттер көп жұмыс атқарды. Кейбір адамдар психологиялық тұрғыдан темірден жасалмағанын түсінуі керек. Лихтенштейнмен бізде басқа тактика болады - біз шешетін мәселені шешеміз. Келесі матчта міндетті түрде ұпай еншілеп, елге абыройлы оралуымыз керек», – деді Әлиев.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні Вадузда Лихтенштейнге қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или