ҚПЛ клубы жабық матчта жеңіске жетті

ҚПЛ клубы жабық матчта жеңіске жетті

Шымкенттік «Ордабасы» көкшетаулық «Оқжетпеспен» жолдастық кездесу өткізді. Клубтардың өзара келісімі бойынша матч көрерменсіз өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2:0 есебімен шымкенттік команданың пайдасына аяқталды. Есепті ганалық жартылай қорғаушы Рашид Абубакар ашса, Муроджон Халматов екінші голдың авторы атанды.

Қазіргі уақытта «Ордабасы» екі турдан кейін бір ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Ал «Оқжетпес» бір жеңіс және бір жеңіліспен сегізінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или