Максим Самородов маусым аяқталған соң «Ахматтан» кетуі мүмкін екенін айтты

Максим Самородов маусым аяқталған соң «Ахматтан» кетуі мүмкін екенін айтты

Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов «Матч ТВ» сайтына берген сұхбатында осы маусым аяқталған соң грозныйлық клубтан кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— «Ахмат» қысқы үзілістен кейін жақсы бастады: «Краснодар» мен «Рубинді» жеңіп, «Локомотив» пен «Химкимен» тең түсті. Бұған оқу-жаттығу жиындарындағы жақсы дайындық әсер етті ме?

— Әрине, жиындардың пайдасы тиді. Біз жанымызды салып, жақсы жұмыс жасадық. Кемшіліктерімізді түзеп, қажетті тұстарымызды жақсарттық.

— Жақсы ойын мен әдемі голдардан кейін өзіңе деген назардың артқанын сезесің бе?

— Мен жаңалықтарды оқымаймын және ешкімді тыңдамаймын. Ойындар мен жаттығуларда барымды саламын. Өзімнің деңгейімнің көтерілгенін сеземін, бірақ бұл барлығы еңбектің арқасында.

— Болашаққа қандай жоспарың бар? Ресейдің үздік клубтарында ойнағың келе ме, әлде Еуропаға кеткің келе ме?

— Маусым аяқталған соң, ұсыныстар болса, қарастырамын. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Әрине, мықты чемпионатта ойнағым келеді, бірақ оған әуелі жету керек.

Еске салайық, шабуылшы осы маусымда «Ахмат» сапында 20 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или