Қазақстан құрамасының бапкері Әли Әлиев Тағыбергеннің жалақысы туралы айтты

Қазақстан құрамасының бапкері Әли Әлиев Тағыбергеннің жалақысы туралы айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Уэльспен матч алдындағы баспасөз мәслихатында ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жалақы, ақша туралы айтпай-ақ қояйық, тудың қадірі бәрінен де жоғары. Асхат Дания құрамасының қақпасына гол соққанда оның жалақысы туралы ешкім ойлаған жоқ, туымыз Дания туынан биік болғанына бәріміз қуандық», – деді Әлиев.

Уэльс пен Қазақстан арасындағы кездесу 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или