Сондерс Головкиннен гөрі Коттомен жұдырықтасқысы келеді

WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесінде жаңа әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс пуэрторикалық Мигель Коттомен АҚШ-та кездескісі келетінін айтты.

«Бала кезімнен бастап Мигель Коттомен жұдырықтасуды армандап жүрмін. Оның бокс стилі маған ыңғайлы. АҚШ-қа аттанып, онда Коттомен жұдырықтасу - менің арманым», — деді Сондерc BoxingScene сайтына.

Сондай-ақ, британиялық боксшы Головкинмен тек бір жарым жылдан кейін ғана жұдырықтасатынын айтты: «Головкиннің орта салмақ дәрежесіндегі абсолютті чемпион болғысы келетінін білемін. Бірақ мен өзімнің мансабыма қолайлы жолды таңдаймын. Головкинге қарсы кездесуге 18 айдан кейін дайын боламын».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или