Яннис Мианос: «Головкин икемділік, шапшаңдық, күш және ақылдың иесі»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Boxingnews24.com порталының журналисі Яннис Мианос мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің арасында болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Канело 2013 жылы Мэйвезерден жеңіліс тапқаннан кейін біршама ілгеріледі, бірақ түбегейлі өзгерді деп айту қиын. Ол, бұрынғысынша, – бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар спортшы. Оған қарағанда Головкин рингте бірден бірнеше стратегия ұстанады: икемділік, шапшаңдық, күш және ақыл. Бірақ оларды біріктіретін ортақ мақсат бар – олар тек үздіктердің қатарынан көрініп, тек үздіктермен ғана жұдырықтасқанды қалайды. Альварес – өз промоутері Оскара де ла Хойяның басты джокері, сондықтан соңғысы тәрбиеленушісін қазір спорттық мансабының шыңында жүрген GGG-мен жекпе-жекке шығармас бұрын бірнеше рет ойланып алғаны жөн», - деп жазады басылым. </p>
<div>
</div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или