Асхат Тағыберген футболдағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Асхат Тағыберген футболдағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген футболдағы мансабын қашан аяқтауды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құраманың капитаны болған даңқты футболшы соңғы бірер аптада қоғамда даулы мәселенің туындауына себеп болған еді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Асхаттың 20 млн теңге жалақы алатынын, соған қарамастан жоғары деңгейде ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.

Осы жайттан кейін футболшы әйелімен бірге белгілі журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, мансабына қатысты сұраққа жауап берді.

«Футболшының карьерасы өзіне байланысты емес. Мысалы, Самат Смақов 40 жасқа дейін ойнады, Криштиану Роналду 40-та, әлі күнге дейін футболдағы ең үздік ойыншылардың бірі. Өз басым 37-38 жасқа дейін ойнасам деймін, содан кейін жарым Махаббаттың қасында боламын», — деді Тағыберген сұхбат кезінде.

Айта кетейік, Асхат 1990 жылы дүниеге келген. Қазір «Ордабасы» намысын қорғап жүр. Былтыр оған түркиялық клубтан шақырту түскен. Алайда, Асхат одан бас тартып, Шымкентте қалуды жөн көріпті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или