Абат Айымбетов Түркияда ұлттық құрама сапына қосылды

Абат Айымбетов Түркияда ұлттық құрама сапына қосылды

Қазақстан құрамасы мен «Адана Демирспор» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов ұлттық құраманың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарына дайындық аясында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Анталияға келді.

Айта кетейік, Айымбетов осы маусымда Түркия Суперлигасында 20 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Қазақстан құрамасы сапында шабуылшы 44 ойынға қатысып, 9 голдың авторы атанған болатын.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 23 наурызға қараған түні сырт алаңда Уэльс құрамасымен кездеседі, ал 26 наурызда Лихтенштейнге қонаққа барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или