Билли Джо Сондерс: «Аулақ жүр менен, Головкин»
<p>
<strong>Билли Джо Сондерс 6 миллион шартты бірлік үшін Геннадий Головкинмен сайысқа түсуге келісетінін мәлімдеді.</strong></p>
<p>
«Головкин? Аулақ жүр менен, Головкин! Аулақ! Головкин – әлемдегі ең үздік боксшы. Сондықтан мен әлем чемпионы болдым деп, бір-бірімізді алдамай-ақ қояйық. Бұл онымен шайқасқа шығу керек дегенді білдірмейді. Головкин - бұл әлемдік деңгей. Олар, оның ішінде Канело да өздері үшін үлкен ұрыс туралы айтады. Мен әлі де оқып-үйрену үстіндемін, мен енді ғана әлем чемионы атағын иелендім. Егер де жақсы ақша беретін болса, мен онда ұрысқа шығамын. Өйткені менде сыған қаны бар. Оған ұсыныс жасау мүмкіндігін берейік: «Билли Джо, міне 4 миллион фунт (6 миллион доллар), кәні, жекпе жекке шығайық», десе онда, сөз жоқ, онда мен Америкаға баруға дайынмын», - деді Билли Джо Сондерс</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или