«Ақтөбе» ойыншысы «Ертіске» жалға берілді

«Ақтөбе» ойыншысы «Ертіске» жалға берілді

«Ақтөбенің» 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушысы Мирам Кикбаев «Ертіске» жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбенің ойыншысы, 19 жастағы жартылай қорғаушы Мирам Кикбаев Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Ертіс» клубына жыл соңына дейін жалға берілді. Ойыншы аталған командада тәжірибе жинақтап, болашақта «қызыл-ақтардың» сапында жақсы ойынымен көзге түседі деп сенеміз», деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или