Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ауыр жарақат алды

«Ертістің» 34 жастағы қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев жарақатына байланысты бірнеше ай алаңға шыға алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Гафуржан Сүйімбаевтың жарақатына байланысты бірнеше айға қатардан шығып қалды.
Ойыншыға операция жасалады. Қалпына келу қажеттілігіне байланысты ол жаттығу процесіне қатыспайды және бірнеше ай бойы алаңға шыға алмайды», - делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, Сүйімбаев бұған дейін туған клубы «Ордабасы», сондай-ақ «Қайрат» пен «Ақсу» командаларында ойнаған. Футболшы Қазақстан құрамасы сапында 42 матч өткізіп, төрт гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или