«Ертіс» сапына Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының ойыншысы қосылды

«Ертіс» сапына Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының ойыншысы қосылды

Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының (U18, U19) ойыншысы Нұрәли Елемес «Ертіс» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нурали Елемес – алматылық «Мустанг» клубының түлегі. 18 жастағы қорғаушы кәсіби мансабын «Ордабасы U21» клубында бастаған.

2023 жылы «Жас Қыран» құрамында QJ League-тің күміс жүлдегері атанды.

2024 жылы «Хан-Тәңірі» және «Арыс» футбол клубтарында өнер көрсетті. Жасөспірімдер деңгейінде бірнеше рет «Үздік ойыншы» және «Үздік қорғаушы» атақтарын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или