«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы польшалық командамен келісімшартқа отырды

«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы польшалық командамен келісімшартқа отырды

28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский Польшаның «Котвица» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда Садовский «Ордабасы» сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан. Шымкенттік клуб сапында футболшы чемпион және Қазақстан кубогының иегері атанды.

Биылғы маусымда «Котвица» 23 турдан кейін 20 ұпай жинап, Польша бірінші лигасында 16-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или