Бақтиер Зайнутдинов наурыз айындағы матчтарда ұлттық құрамаға көмектесе алмайды
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы журналист Владимир Жарков өзінің Telegram-каналында жазды.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы наурыз айына жоспарланған екі матчта да құрамаға көмектесе алмайды.
Зайнутдинов соңғы екі ай бойы жарақатын емдеп жатыр. Сондықтан өзі ойнайтын «Бешикташ» сапында да алаңға шығып жүрген жоқ. БАҚ өкілдері оның жарақаты жазылғанын, алайда толық қалыпқа келіп үлгермегенін жазуда.
Айта кетейік, Әли Әлиев шәкірттері әлем біріншілігіне іріктеу аясында сырт алаңда Уэльс (22 наурыз) және Лихтенштейн (25 наурыз) құрамаларымен кездесу өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или