«Ақжайық» өз айдынында орынборлық «Локомотивтен» ірі есеппен жеңілді

«Ақжайық» өз айдынында орынборлық «Локомотивтен» ірі есеппен жеңілді

Оралдық «Ақжайық» допты хоккейден бүкілресейлік Жоғары лиганың екінші тобында «Жастар» стадионында Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді.

Бұл матч, өкінішке қарай, қонақтардың айқын басымдылығымен өтті. Олар бірінші таймда-ақ 6:1 есебімен алға шықты. Екінші тайм 2:1 есебімен оралдықтардың пайдасына аяқталғанымен, бәрібір ресейлік ұжым қолда тұрған жеңістен айырылмады. Сөйтіп бұл ойында «Локомотив» 7:3 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтан» үш доптың бәрін де ресейлік легионер Максим Пьянов соқты.

Батысқазақстандықтар биылғы жылдағы соңғы кездесулерін 26-27 желтоқсанда өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» өткізеді.

Еске сала кетейік, екінші топта «Знамя-Удмуртия» командасын (Воткинск) өкшелеп келе жатқан «Локомотив» ұпай санын 17-ге жеткізді. «Ақжайық» 13 ұпаймен бұрынғысынша үшінші орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или